$ 443.72  482.28  4.9

Байқоңырда қазақ тілі ата-аналардың таңдауымен ғана оқытылмақ

Байқоңырда 5 қазақстандық және 7 ресейлік мектеп бар.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Байқоңырдағы ресейлік мектептерде қазақ тілі енді «қосымша пән» ретінде оқытылады. Бұл туралы Байқоңыр қаласындағы екі елдің білім бөлімінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл бастама оқушылар мен ата-аналардың қалауымен  жүзеге асырылмақ.

Бүгінде Байқоңырда 5 қазақстандық және 7 ресейлік мектеп бар. Ресейлік стандарттармен оқытылатын мектептерде Қазақстан азаматтарының 2 мыңға жуық баласы білім алып жатыр. Олар енді «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазақстан тарихын» қосымша пән ретінде таңдап, аптасына 1 рет оқымақ. Қазіргі таңда аталған пәндерді 55 оқушы қосымша сабақ ретінде таңдаған.

2022 жылғы Мәскеуде өткен «Байқоңыр» кешені бойынша Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының сегізінші отырысының қорытындысы бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазақстан тарихы» Байқоңыр қаласындағы орыс мектептерінде оқыту мәселесін бірлесіп зерделеу туралы шешім қабылданды. Сонымен, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің қазақстандық тараппен кездесулерінде бұл пәндерді тек оқушылар мен ата-аналардың қалауы бойынша сабақтан тыс өткізу бағдарламасы енгізілді. Қазір  Янгель атындағы 7 мектепте оқушылар мен ата-аналардың өтінішін қабылдай отырып 5, 6, 8,  9- сыныптарда «қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазасқатан тарихы» пәндерін сыныптан тыс оқыту жұмыстары ұйымдастырылуда, деді Байқоңыр қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Георгий Глазунов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары