$ 443.44  480.51  4.88

«Хайуандар әлемінде» немесе «ЖОҚ» деп айту құқығы бар адамдардың маршы

Біз әлі де «хайуандар әлемінің заңдары»  бойынша өмір сүреміз. Бұл бәріне қатысты.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

9 қарашада бүкіл Қазақстан азаматтарына экс - министр Қуандық Бишімбаевтың өз әйелін бәрінің көзінше жұдырық астына алып өлтіргені туралы жаңалық үлкен соққы болды. Экс-министр әйелін астаналы көз жұмғанша тоқтамай ұрып-соққыға жыққан.

 

Астанада жұрт алдында нағыз өлім жазасы орын алды, бірақ адам жан тапсырғанда ешкім қарсы дым демеді де, болып жатқанға араласқан да жоқ.

 

Күн сайын жаңалықтар легінде әлдекім бір-бірін ұрып-соғып жатырғандарын көреміз. Көбінесе әйелдерді ұрады. Оған қоса, оқушыларды, студенттерді, балаларды және қарапайым жолаушыларды. Көрінгенді ұрып соғуға бар.

 

Көбінесе, ер адамдар — қылмыскерлер, күйеулер, мұғалімдер, тәрбиелеушілер мен жігіттер ұрады. «ЖОҚ» сөзі үшін ұрып-соғады. 

 

Біз әлі де «хайуандар әлемінің заңдары»  бойынша өмір сүреміз. Бұл бәріне қатысты.

 

Біз бір-бірімізді ұруды қашан доғарамыз?

Әрі қарай хайуан әлемінің заңдары бойынша өмір сүргіміз келеді ме?

Хайуандар арасында өмір сүргіміз келеді ме?

 

25 қарашада Алматыда хайуандар әлемінде өмір сүруден жалыққан адамдар маршы өтеді. Жаңа Адамдар зорлық-зомбылық орын алған барлық жағдайларды жинамақшы. Абыройынан айырған, ұрып-соққыға жыққан, өлтірген жағдайлардың бәрін. Танымал, танымал емес, балабақша, мектеп, далада болсын. Жыныс, лауазым, жас ерекшеліктеріне қарамай бәрі жиналады. Адамның адамгершілігі сұрақ астына қойылатын барлық жағдайларды жинап, оны шошып, кейін ұмыту үшін емес, оны тудыратын СЕБЕПТЕРДІ анықтау үшін. Олардың ішіндегі ең бастысы: "Жоқ" сөзін ести алмау! 

 

Маршқа келіп, адам кейпіндегі хайуандардан зардап шеккен жақындарын немесе өзіннің жағдайын жайлы айтып бер.

 

Марш 25 қараша күні сағат 13.00-де Алматы қаласында, Астана алаңы (ҚБТУ) — Арбат бағдары бойынша өтеді.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары