$ 494.87  520.65  4.91

Тракторшы келіншек ауыр техниканы 2 күнде меңгеріп алған

Жұрт ықыласына бөленген Гүлдана Пайыз Өрнек ауылында тұрады.

Фото: бейнематериалдан скрин
Фото: бейнематериалдан скрин

Жамбыл облысының Өрнек ауылында тракторшы келіншек тұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бір қызығы, Гүлдана Пайыз ауыр техниканың тілін 2 күнде меңгеріп алған.  

Тракторды тізгіндеп, әлеуметтік желіде жұрт ықыласына бөленген келіншек Өрнек ауылында тұрады.

Гүлдана Пайыз қазір жұбайымен ауылдан қашық жердегі ата-енесінің шаруа қожалығында қолғабыс етіп жүр. Ауыр техниканы айдап үйренгеніне 3 ай болыпты. Бүгінде жарына жәрдемдесіп өз алқаптарымен қоса көмек сұраған көрші ауылдың шабындығына да шалғы салып жүр. 

Тракторды айдау себебім жолдасым өзі үлгере алмады. Қайын інілерім бар еді, олар өздерінің жұмыстары бар, сабақтары бар, сонда кетіп қалды да өзі үлгіре алмаған соң маған үйретіп. Енді көмектес деген ниетпен үйретті. Басында қиын етін қазір үйрендім оңай, дейді Гүлдана Пайыз.

Гүлдананың негізгі мамандығы кондитер. Деседе колледжде қосымша «ауылшаруашылығын механикаландыру» кәсібін игеріп жүр. Ауыл шараушылығы мамандарын дайындайтын бұл оқу ордасында, 20-ға жуық бұрымды білім алады. 

Пайыз отбасы бірнеше жыл бұрын шаруа қожалық ашқан. Сөйтіп мемлекеттен 2,5 процентпен 3,5 миллион теңге жеңілдетілген несие алды. Сол қаражатқа 60 бас қой алып, бүгінде мал басын көбейтіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары