11.11.2023, 17:30

Құралай Нұрқаділова: Әкемнің құлыптасының басында отырып жиі сырласамын

Фото: бағдарламадан скрин

Әкемді жерлеудің өзі де саясат болды.

Саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың қызы, дизайнер Құралай Нұрқаділова "Білген дұрыс" бағдарламасына сұхбат беріп, әкесін ақтық сапарға шығарып салған сәтін есіне алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айтуынша, Заманбек Нұрқаділовтың жерлеу рәсіміне Құралай анасы екеуі қатысқан. 

Әкемді жерлеуге қатысты имамдар біраз ақылдасты. Киіз үйге кіріп, барлық жолдастары ақылдасқаны есімде. Шығарып салу рәсіміне де біраз саясаткерлер мен қайраткер тұлғалар келді. Әкемді жерлеудің өзі де саясат болды. Мен 15 жыл әкеммен сөйлеспедім. Анам да оны көрген жоқ. Сол себепті молда анам екеуімізге ғана жерлеуге қатысуға рұқсат берді. Мақпал барған жоқ. Айналамыз толған ер адамдар болды. Бізге әкеммен қоштасуға мүмкіндік берді. Бұл тақырыпта сөйлесу маған әлі де ауыр тиеді. Қыз бала зиратқа ер адамсыз бармауы керек дегенді естідім. Бірақ мен әкемнің құлыптасының басында отырып жиі сырласамын, - деді дизайнер.