Науқастардың 81,1%-ы қызылшаға қарсы вакцина салдырмаған.
Шығыс Қазақстан облысында биыл 63 бала қызылша жұқтырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша жыл басынан бері қызылша жұқтырған 74 адам тіркелді. Ауырғандардың басым бөлігі, нақты айтқанда 85,1%-ы 14 жасқа дейінгі балалар (63 жағдай).
Науқастардың 81,1%-ы қызылшаға қарсы вакцина салдырмаған. Оның ішінде 17 пациент жоспарлы вакцинация жасына жетпесе, 16 адамда медициналық қарсы көрсетілімдер болды. Ал 23 адам вакцина салдырудан өз еркімен бас тартса, 4 адам екпе алу мүмкіндігін өткізіп алған, - дейді басқарма басшысы Қанат Тұрдиев.
Жүргізілген эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде 17,6% немесе 13 адамның қызылшаны Алматы, Атырау қалаларында, Түркия және Тәжікстан елдерінде жұқтырғаны анықталды.
Науқастармен байланыста болған 68 адамға қызылшаға қарсы екпе егілді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 31 бала бар.