$ 441.66  475.14  4.86

«Өзгерістерге дайын болыңыз». Бұл жұлдызнама белгілері желтоқсанның басына дейін жаңа өмір бастайды

Қараша айына арналған жұлдыз жорамал көпшілік жұлдызнама белгісі үшін маңызды өзгерістер болжайды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қараша айына арналған жұлдыз жорамал көпшілік жұлдызнама белгісі үшін маңызды өзгерістер болжайды. Алайда оның ішінде бес жұлдыз белгісі үшін өзгеріс ауқымды болмақ. Олар қысқа дейін жаңа өмір бастайды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тоқты

Қарашада сіз артық жүктен арылу керек екенін білдіретін белгі аласыз. Берерінен гөрі сұрауы көп "достар". Жаныңызды жегідей жейтін реніштер. Көп уақытыңыз бекер кеткен нәрселер. Мазасыз ойлар. Өзіңізді қажет емес нәрсенің барлығынан арылтыңыз. Өміріңізде жаңа шыңдарға жету үшін өткеннің жүгін тастайтын уақыт келді.

Торпақ

Қазір өміріңіз баяулады: айналаңызды бағалайтын уақыт келді. Тыныштықты тыңдаңыз. Болашаққа жоспар құрыңыз.

Арыстан

Сізде ақша, билік және құрмет бар, бірақ сонда да өзіңізге бірдеңе жетпейтіндей сезімдесіз. Сіз уақытыңыздың көп бөлігін басқаларға әсер қалдыруға, әлеуметтік мәртебеге жетуге немесе келісім-шарт жасауға арнайсыз. Алайда бұл сізге бақыт сыйламайды. Бұрын сізге не маңызды еді? Еске түсіріңіз. Ішкі жан-дүниеңізді түсінуге тырысыңыз.

Мерген

Бұрыннан елемей жүрген проблемаларға уақыт бөлетін кез келді. Шешілмей қалған сұрақтарды аяқтаңыз. Мұның бәрі қолыңыздан келетінін өзіңізге дәлелдеңіз.

Суқұйғыш

Сіз басқаларға қажет нәрселерге көп уақытыңыз бен қамқорыңызды бересіз, бірақ жиі өзіңіз үшін маңызды нәрселер жайлы ұмытып кетесіз. Бұл айда барынша өзіңізге уақыт бөлуге, өзіңіздің ішкі жан-дүниеңізге қарауға тырысыңыз. Қолыңызға парақ алып, тізім құрыңыз: сол жағына – өміріңіздегі қазір ұнайтын нәрселерді, оң жаққа – ұнамайтын нәрселерді жазыңыз. Тізімге анализ жасап, келесі жылы оң жақтағы нәрселерді сызып тастаймын деп өзіңізге уәде беріңіз.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары