$ 439.43  473.31  4.82

Самбодан әлем чемпионаты 2024 жылы Қазақстанда өтеді

Қазақстандық балуандар 1992 жылдан бері әлем чемпионатына үздіксіз қатысып келеді.

Фото: QazSambo
Фото: QazSambo

Самбодан әлем чемпионаты 2024 жылы Қазақстанда өтетін болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл шешім Халықаралық самбо федерациясының конгресінде қабылданды. Еліміз бұған дейін дүниежүзілік доданы 2005 жылы қабылдаған еді. Ол жолы қазақстандық балуандар 1 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлдеге ие болған.

Қазақстандық балуандар 1992 жылдан бері әлем чемпионатына үздіксіз қатысып келеді. Осы уақытқа дейін 26 мәрте жоғары тұғырға шықты.

Биыл әлем чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына алғашқы медаль түсті. 54 келі салмақтағы Гүлдана Әлмұхамбетова қола жүлде үшін өткен белдесуде былтырғы әлем чемпионы Алена Купаваны (Беларусь) жеңді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары