$ 442.05  474.14  4.74

«Кредитке той жасау - ақымақтық»: Германия қазағы жергілікті халықты сынап тастады

Мен жағдайым неге жетсе, соны істеймін.

Фото: instagram.com
Фото: instagram.com

Кельн қаласындағы қазақ қауымдастығының төрайымы Садия Сюрер кредитке той жасайтын қазақтардың әрекетін сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
 

Олардың айтуынша, мұндай қадамға бару - барып тұрған ақымақтық.

Кредит алып, той істемеймін, маған ол ақымақтық. Кешіресіз, ол үлкен ақымақтық, ол кредитті ертең мен, бала-шағам төлейді. Сол уақыттың қызығын кім көреді сонда? Мен жағдайым неге жетсе, мен соны істеймін. Одан артық істемеймін, егер олар шоу көруге келсе, онда олар менің достарым, құрметті қонақтарым емес. Менің қонағым, менің достарым біріншіден мені сыйлап келу керек, - деп кесіп айтты шетел қазағы. 

Көпшілік Германия қазағының бұл сөзін қолдаған. Олар: 

Дұрыс айтасыз, бір ойланатын болды ғой осы жайлы біздің қазекеңдер", "Кредит алып той жасап далада қалған отбасыларды білемін, өте өкінішті. Көп адамға той жасау мен үшін түсініксіз", "Кредит алып той жасап көрмеппін, бірақ керегімізді кредит алып бүтіндеп отырмыз, айлық аз тамақ қымбат деп жазды желі қолданушылары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары