Субсидияланатын жұмыс орындарына 189,5 мың адам орналастырылды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 640,7 мың адам қатысты, 449,9 мың адам жұмысқа орналасты, оның 260,4 мыңы - тұрақты жұмыс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 189,5 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 17,2 мың адам, жастар практикасымен 30,4 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 118,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 8,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 442 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 14,5 мың адам жұмыспен қамтылды.
Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 42,3 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 38,5 мыңы оқуды аяқтады.
Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 127,9 мың адам қамтылды, оның ішінде 95,8 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.
Қызмет саласын таңдау мақсатында 126,7 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.
Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан 9102 грант берілді.