13.11.2023, 12:20

Абай облысында әкімдік орындалмаған жұмыстар үшін 9,1 млн теңге төлеген

Фото: Ертай Ыдырыш

Прокуратурорлар Бородулиха ауылдық округі әкімдігінің бір көзден 270 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз жасасуының 37 фактісін анықтады.

 

Абай облысы Бородулиха ауданының прокуратурасымен бюджет қаражатын жұмсау кезінде бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бородулиха ауданының прокуратурасы Бородулиха ауылдық округі әкімдігінің бір көзден 270 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз жасасуының 37 фактісін анықтады.

Ауылдық округ әкімі ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған 5,4 млн.теңге айыппұл тағайындалды. Осы ауданда бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды, – делінген облыс прокуратурасының хабарламасында.

Әкімдік Бородулиха ауылындағы саябақты ағымдағы жөндеу бойынша екі рет мемлекеттік сатып алуды өткізді.

Бірінші рет мердігерлік ұйымға орындалмаған жұмыстар үшін  9,1 млн.теңге төленді. Бұл фактіні жасыру үшін әкімдік жұмысты орындаған басқа өнім берушімен қайтадан шарт жасасты.

Аудан прокуратурасы ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тергеп-тексеру Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментіне тапсырылды.