13.11.2023, 14:40

Талдықорған полициясының бастығы әйел зорлады деген күдікпен ұсталды

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді.

Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті мәлім етті.

Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді.

ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерделенеді. Қылмыстық істі тергеу ҚР ІІМ-нің ерекше бақылауына алынды, - деді Жетісу облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.