$ 443.37  474.49  4.83

Қостанайда Kia көліктерін шығаратын зауыттың құрылысы басталды

Жобаға шамамен $250 млн тікелей шетелдік инвестициялар салынатын болады.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қостанайда Kia автомобильдері өндірісінің толық циклін қамтитын зауыттың құрылысы басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жоғары жалақы төленетін 1 мың 500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 70 мың автокөлік болмақ.

Жобаға шамамен $250 млн тікелей шетелдік инвестициялар салынатын болады.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, Kia компаниясы алғаш рет Корея Республикасынан тыс жерде бірлескен кәсіпорын мен зауыт салуға тікелей инвестиция салып отыр.

Қостанайда KIA автомобилдерін шығаратын толық циклді зауыт салуды машина жасау саласы үшін шын мәнінде серпінді жоғары технологиялық жоба деп атауға болады. Бұл жоба нақты мультипликативті әсер береді, инженерлік және техникалық кадрлардың жаңа буынын даярлау деңгейін арттыруға, сондай-ақ локализациялаудың келесі кезеңіне көшуді айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік береді, — деді Роман Скляр.

cover

Құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталады деп күтіледі. Содан кейін жабдықтар орнатыла бастайды. 2025 жылдың бірінші тоқсанында зауыт пилоттық режимде іске қосылмақ, ал екінші тоқсанында өндірістің толық циклі ашылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары