«Алтын домбыра» иегері қарағандылық ақын – Мақсат Ақанов болды.
«AMANAT» партиясы ұйымдастырған «Алтын домбыра» додасы мәреге жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы
Биыл «Алтын домбыра» иегері қарағандылық ақын – Мақсат Ақанов болды.
Сөз додасында 16 ақын бақ сынады. Бірінші күні 8 жұп айтысты. Екінші күні 4 жұп айтысып,2 айтыскер ақын финалға шықты.
Екі күнге созылған аламан айтыстың тақырыбы еңбек адамына арналған.
Сонымен, "Алтын домбыра-2023" республикалық ақындар айтысының қорытындысы мынадай:
Бас жүлде иесі – Мақсат Ақанов (Қарағанды обл.) – автокөлік + "Алтын домбыра"
1-орын – Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда обл.) – 2 млн тг. «Айтыстың ақтаңгері»
2-орын – Аспанбек Шұғатаев (Павлодар обл.) – 1,5 млн тг
3-орын – Жансая Мусина (БҚО) – 1 млн тг және Төлеген Жаманов (Ұлытау обл) – 1 млн тг.