$ 494.87  520.65  4.91

Құрылыс алаңында альпинистердің құлау дерегі бойынша күдікті қамауға алынды

Қылмыстық істі тергеу барысы қала прокуратурасының бақылауында. 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

2023 жылдың 12 қазанында Астана қаласында төрт өнеркәсіптік альпинист биіктіктен құлап, олардың үшеуі қайтыс болды. Құрылыс алаңында альпинистердің құлау дерегі бойынша күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полиция департаменті ҚК-тің 277-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде (Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу).

Тергеу барысында жұмыс беруші – ЖК басшысының қызметкерлердің қайтыс болуына қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды.

Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша тергеу органы ЖК басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қылмыстық істі тергеу барысы қала прокуратурасының бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары