14.11.2023, 12:40

Алматы облысында Болат Назарбаевты жерлеу рәсімі өтті

Фото: Stan.kz

Үйге бірнеше кортеж келген, ал көліктен түскен адамдар беттерін жасыруға тырысыпты.

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында Болат Назарбаев жерленді, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

14 қарашада Шамалғанда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың жаназасы шығарылды.

Үйге бірнеше кортеж келген, ал көліктен түскен адамдар беттерін жасыруға тырысыпты. Жаназа шығарылғаннан кейін қонақтар зират басына бет алған.

Stan.kz

Сонымен қатар Болат Назарбаевтың жаназасына экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен премьер-министр Әлихан Смайылов келді. 

Сондай-ақ жерлеу рәсіміне байланысты көше жабылған. Ал келген қонақтарды күзет қатаң тексерістен кейін ғана кіргізді.

Stan.kz

Еске салайық, 13 қарашада Болат Назарбаев Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада көз жұмды. Бастапқыда аурухана өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартқанымен, көп ұзамай экс-президенттің інісінің өлімін растады. 

Бұған дейін ол соңғы 2 жыл бойы төсек тартып жатқаны туралы хабарланған еді. Оған қант диабеті мен бүйрек жеткіліксіздігінің салдарынан асқынған көмей қатерлі ісігі диагнозы қойылған.