$ 494.87  520.65  4.91

Екі кәсіпкерге күш қолданған топ қамауға алынды

Топ мүшелері – 20-40 жас аралығындағы азаматтар.

Фото: ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ

Шымкент қалалық ПД-ның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында бопсалаушылар тобын құрықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Топ мүшелері – 20-40 жас аралығындағы азаматтар. Олардың басым бөлігі бұрын соңды бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Ұсталғандар ұзақ уақыт бойы жергілікті екі кәсіпкерден қоқан-лоқы көрсету және күш қолдану арқылы ақша бопсалап, BMW мен ВА3-2114 автокөліктерін заңсыз иемденіп алған. Тексеру кезінде төрт атыс қаруы, оқ-дәрілерімен, есірткі құралдары және өзге де заттай айғақтар тәркіленді.

Полицияға 10 адам жеткізілді, оның ішінде топтың ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары