Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысының өкімдерімен "Оңтүстік" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшылары тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды;
Жеңіс Мұхамедқалиұлы Маралов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.
Ал Жеңіс Маралов Мемлекет басшысының өкімімен "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Президенттің өкімімен Мереке Көшекбаев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.