14.11.2023, 17:00

Алматы облысындағы мектепте оқушылар порнографиялық сайттарға кірген

Фото: pixabay.com

Мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау және порнографиялық сипаттағы әртүрлі сайттарға баруы анықталды.

 

Алматы облысындағы 425 мектепте балалар өз-өзіне қол жұмсауды насихаттайтын және порнографиялық контенті бар сайттарға еркін кірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

Алматы облысы прокуратурасының хабарлауынша, талдау жүргізу барысында кәмелетке толмағандардың (оқушылардың) білім беру мекемесінің қабырғасында (425 мектептерде, информатика кабинеттерінде) қалауынсыз/тыйым салынған интернет контенттерге еркін қол жеткізу фактілері анықталды.

Осылайша, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау және порнографиялық сипаттағы әртүрлі сайттарға баруы анықталды.

Бүгінгі күні облыстың барлық білім беру мекемелерінде прокурорлық ден қою актісімен осындай сайттарға интернетке қол жеткізуді шектегіштер орнатылды.

Прокурорлардың талап-арызы бойынша көрсетілген интернет-ресурстарды (саны-8) соттар заңсыз деп таныды, олардың таралуы бүкіл ел бойынша шектелген. Осылайша, бұзушылыққа жол бергені үшін 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген облыстық прокуратураның ресми хабарламасында.