ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.
Астана Полиция департаменті бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі өлтірілген «Bau» ресторанындағы бейнебақылау камераларынан видеоларды алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.
Тергеу органдары қызмет көрсетуші персонал мен жасалған аса ауыр қылмыстың мән-жайын білуі мүмкін басқа да адамдардан жауап алу кезінде деректерге тексеріс жүргізеді. Сондай-ақ, оқиға орнынан тиісті зерттеулер тағайындалған бейнематериалдар алынды. Тергеу жалғасып жатыр, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені және қамауға алынғаны белгілі болған. Ал бүгін «Bau» ресторанындағы әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында «Гастро-орталық» директорына қатысты бұлтартпау шарасы қабылданып, ол 2 айға қамауға алынғаны белгілі болды.