«Әлімханұлы мені елемей жүр».
Британдық боксшы Джимми Келли (27-3, 10 КО) WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) қарсы рингке шығуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
2022 жылы Джимми Қазақстанның тағы бір өкілі Қанат Исламды (29-1, 22 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді. 15 қарашада Келли ProBox TV шоуының аясында Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ)аргентиналық Хуан Хосе Веласкомен (24-5, 15 КО) жұдырықтасады.
— Көп жылдар бойы Жәнібекке ұсыныс тастап келемін. Бүгінге дейінгі қарсыластарына қарағанда мен танымалмын. Мен Қанат Исламды жеңдім, ол [Әлімханұлы] мені елемей жүр. Жекпе-жекке шығаруға мәжбүрлей алмаймын, - деді Келли.