15.11.2023, 17:40

Қызылордада балабақша тәрбиешісі 1,5 жасар баланы ұрған

Фото: pixabay.com

ҚР Қылмыстық Кодексінің 140-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 

Қызылордада балабақша тәрбиешісі 1,5 жасар баланы ұрған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалалық полиция басқармасының мәлімдеуінше, жеке балабақшалардың бірінде ата-анадан ұлына дене жарақатын салған тәрбиешіге шара қолдану туралы арыз түскен.

Арыз негізінде Қызылорда қаласы Полиция басқармасымен қылмыстық іс тіркеліп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 140-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тәркіленген бейнежазбалар қылмыстық іске тіркелген. Сот сараптамалары тағайындалған. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша баланың «денсаулығына жеңіл зиян» келтірілген. Ал сот-габитологиялық сараптамасының қорытындысы күтуде.

41 жастағы тәрбиешіге қатысты ІІО-ға келу туралы міндеттеме қабылданды. ҚР ҚПК-нің 200  бабына сәйкес (Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыну) облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданды, – деді Қызылорда қаласы ПІБ бастығы полиция полковнигі Қасанов Айдар.