16.11.2023, 01:30

Қазақстан – Сан-Марино ойынының төрешілері белгілі болды

Фото: Pixabay

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 8 ойыннан кейін "Н" тобында 15 ұпаймен 3-орында келеді.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Қазақстан және Сан-Марино құрамалары арасында өтетін ойынның төрешілері анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

17 қараша күні "Астана Аренада" өтетін маңызды матчқа Австрия төрешісі Харальд Лехнер қазылық жасайды. 

Ойында Лехнерге отандастары Андреас Хайндрайх пен Штефан Пихлер көмектеседі, төртінші төреші – Себастьян Гисхамер. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 8 ойыннан кейін "Н" тобында 15 ұпаймен 3-орында келеді. Сан-Маринодан кейін 20 қараша күні сырт алаңда Словениямен кездеседі.