Көп ақша емес, 200 млн емес, 2 млн теңге.
Белгілі спортшы Данияр Елеусінов 80 мың теңге жалақының соңына шам алып түскендердің әрекетіне ренжулі. Мұны өзіне қарсы қасақана ұйымдастырылған әрекет санайды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: АҚШ-та тұратын Данияр Елеусінов еліміздегі спорт мектебінен жалақы алып келген
Менің атымды қолданғаны үшін ғана ренжідім. Ол жерде мәселе болған жоқ. Жаңа команда бұрынғы команданың орнына келгісі келгендіктен болған дүние ғой. Менің атымды қолданып кетті десе де болады. Бұл менің жеке пікірім. Жұмыстан шығып кеттім, ол жерде көп болған жоқпын. Қайтарып бердім. Көп ақша емес, 200 млн емес, 2 млн теңге, - деді Олимпиада чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов.