Дәрігерлердің айтуынша, бұл құбылыс әйелдердің шамамен 0,3%-ында кездеседі.
АҚШ-тың Алабама штатының екі жатыры бар тұрғыны екі құрсағына екі қызды көтерген. Дәрігерлердің айтуынша, бұл – таңғажайып және сирек кездесетін жүктілік, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
32 жастағы Келси Хэтчер "uterus didelphys" немесе екі жатыр деп аталатын сирек кездесетін жатырдың аномалиясымен дүниеге келген. Оған 2022 жылдың көктемінде жүкті екенін білген кезде диагноз қойылған. Оның үстіне әр ұрық бөлек жатырға біткен.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл құбылыс әйелдердің шамамен 0,3%-ында кездеседі. Бұл аномалия әйел эмбрионында дамудың ерте кезеңдерінде, шамамен жүктіліктің сегізінші аптасында қалыптасады.
Екі аналық безде бір уақытта овуляция болғаны таңқаларлық. Доктор Хейли МиллерХэтчер екі баласын дүниеге әкелуге дайындалып жатса, дәрігерлер де оны босандырып алуға қосымша қызметкерлер дайындап жатыр. Екі жатыры және екі жатыр мойны бар әйелдер босану кезінде қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Мен екі жатыр және екі жатыр мойыны бар көп адамға күтім жасадым. Екі жатыр мойны және екі жатыры бар әйелді босандыру қиынға соғады. Нәрестелер тіпті бірнеше сағат немесе күн аралығымен туылуы мүмкін. Өйткені жатырлар бір-бірінен тәуелсіз жиырылады. Доктор Хейли МиллерХэтчердің дәрігерлері кесар тілігі мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ. Дегенмен бұл жағдайда қан көп жоғалтуы мүмкін. Себебі әр жатырды бөлек кесуге тура келеді.
Дереккөз: Zakon.kz