17.11.2023, 13:00

«Artsport» бағдарламасынан ақша ұрлаған футбол клубының директоры сотталды

Фото: pixabay.com

Прокуратура мемлекеттік кірістер департаментіне қадағалау актісін енгізді, нәтижесінде жеткізушілер 25 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұлдар төленді. 

 

 

«Artsport» бағдарламасына бөлінген қаражатты ұрлаған футбол клубының директоры 3 жылға сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Artsport» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде, қаражатты ұрлау, бюджет тапшылығы және сапасыз қызметтер көрсету сияқты жаппай бұзушылыққа әкеп соққан жүйелі кемшіліктер болды.

Алматы облысының прокуратурасы жеткізушілердің бірінен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Жүйенің кемшілігі футбол клубының директорына орындалған жұмыс актілеріне жалған мәлімет енгізуге мүмкіндік берген.

Аталған факті бойынша биыл 30 мамырда аудан прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша клуб директорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Сот үкімімен жеткізуші қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, – делінген Алматы қаласы прокуратурасының хабарламасында.

Сонымен қатар спорт клубтары мен мәдени үйірмелердің салық заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізілді. Жекелеген жеткізушілер «Артспорт» жұмыс істеп тұрған кезеңінде ҚҚС салығын төлеушілер ретінде қойылмаған.

Прокуратура мемлекеттік кірістер департаментіне қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде жеткізушілер 25 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұлдар төленді.