$ 498.34  519.72  4.85

Атырауда «өлген адамдарға» 5 миллион теңге төленген

Мектеп директоры туыстарын қағаз жүзінде жұмысқа алып, ай сайын жалақы аударып отырған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Өңірдегі мектептердің бірінде жасамаған жұмысы үшін қызметкерлерге 5 миллионға жуық ақша төленіп келген. Қазір соның 4 миллионы бюджетке қайтарылды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атыраулық білім ордаларындағы жемқорлық пен заңбұзушылықтар тиылар емес. Алысқа бармай, 3-4 ай бұрын ғана мектеп директоры туыстарын қағаз жүзінде жұмысқа алып, ай сайын жалақы аударып отырғанын, одан бөлек жалпы 12 мектепте жұмыс істемейтін 41 адамға 90 млн теңге жалақы аударылғанын айтқан болатынбыз.

Бүгін де қозғайтын кезекті мәселеміз  - мектеп қызметкерлерінің жалақыларына қатысты күмәнді әрекеттер болып тұр.

"Әдiлдiк жолының" облыстық филиалына Т. Амандосов орта мектебіне қатысты биылғы жылға үш арыз-шағым келіп түсті.  Оларда көрсетілген фактілер бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын анықтау, ұжымның басқа да қаржылай қызметіне нақты орын алған фактілерді зерделеу  мақсатында  тиісті құқық қорғау және тексеру органдарына жолданған болатын.

Тексерістер нәтижесінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, 4 қызметкерге біліктілік талаптарына сәйкес келмесе де, жүктемелер беріліп, 19 236,3 мың теңге еңбекақы төленген, арнайы мамандығы бойынша дипломы болмаса да, жұмысқа  қабылданған, дейді аталған ұйым өкілдері.

Сонымен қатар, мектеп тарапынан 2017-2023 жылдар аралығында 6 қызметкерге жұмыстарын атқармаған кезеңде 5 миллионға жуық қаражат негізсіз артық төленгені анықталды.

Мұның бәрі мектептің негізгі функциясы – білім беру сапасының төмендеуіне кері әсер ететіні сөзсіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бүгінгі күні 4 миллион қаражат бюджетке қайтарылды.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары