$ 443.35  475.54  4.82

Мектеп асханасындағы азық-түліктен ішек таяқшалары табылған

Қауіпті бактерия тіпті нан мен компоттың да құрамынан шықты.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жамбыл облысындағы оқушылардың жаппай улануына 12 түрлі азық-түліктен ішек таяқшалары табылуы себеп болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Сараптама қорытындысына сай, ауыл мектебінің асханасындағы 12 түрлі азық-түліктен ішек таяқшалары табылған. Қауіпті бактерия тіпті нан мен компоттың да құрамынан шықты.

Оқыс жағдай осыдан он күн бұрын болған. Мектеп асханасынан бастауыш сынып оқушыларына палау мен компот беріліпті. Бір мезгілде құсып, іші өткен 44 оқушы ауруханаға жеткізілген. Балалармен бірге тамақтанған екі мұғалім де аштан ұшынған. Қауіпті жағдайдан кейін дәрігерлер әр үйді аралап, мектептің 400 оқушысының денсаулығын бақылаған. Осылайша мектеп асханасынан уланғандардың саны 61 адамға жетті. Қазір ауруханаға түскендер жазылып, үйіне қайтарылған. Айта кетйік, жаппай уланудан кейін мектеп асханасы карантинге жабылған болатын. Ал оқушыларға ыстық тамақ қашан берілетіні әзірге белгісіз.

Алдын ала болжам бойынша 12 түрлі тағам түрінің ішінен ішек таяқшасы тобының бактерияларына оң нәтиже шықты. Толық сараптама қорытындысы 21 қарашадан соң белгілі болады. Қазір тексеру жалғасып жатыр, деді Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі
Гүлсара Мұхтарқұлова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары