Тергеу барысында үйден 500 грамм есірткі – мефедрон табылды және тәркіленді.
Алматыда 24 жастағы жігіт есірткі зертханасын ұйымдастырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Polisia.kz мәліметінше, Алматының Алатау ауданындағы тұрғын алабында синтетикалық есірткінің астыртын өндірісі өркендеген. Оны 1999 жылы туған С.есімді азамат басқарды.
Прокуратуранын үйлестіруімен біздің бөлімше қызметкерлерінің жүргізген жедел және арнайы іс-шаралары Дарабоз шағын ауданындағы үйлердің бірінде, одан әрі сату мақсатында есірткі заттары дайындалып жатқанын анықтады. Тергеу барысында үйден 500 грамм есірткі – мефедрон табылды және тәркіленді. ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыс құрамының негізінде қылмыстық іс тіркелді. Сараптама тағайындалды, – деді Алатау аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Асхат Дәулетияров.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.