18.11.2023, 16:30

Атырауда отбасына ойран салған ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)

Фото: видеодағы кадрдан алынды

Тексеру барысында 1975 ж.т. әйелі мен баласы үйден шығып кеткендігі анықталған.

Атырауда отбасында ойран салып, кейін полицейлерге қарсылық танытқан азамат әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

15 қараша күні сағат 22:09 шамасында 1975 ж.т. қала тұрғыны Атырау қаласы полиция басқармасы №1 қалалық полиция бөліміне Азаттық даңғылы бойындағы пәтерлердің біріндегі отбасылық жанжал жөнінде хабарлама берген.

Тексеру барысында оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлеріне 1979 ж.т. азамат қарсылық білдіріп, мас күйде пәтерінің есігін құлыптап, газ жіберіп, үйді жарып жіберетіндігін айтқан. Тексеру барысында 1975 ж.т. әйелі мен баласы үйден шығып кеткендігі анықталған.

Сонымен қатар, оқиға орнына «АтырауГазАймақ» АҚ, ТЖД және жедел-жәрдем қызметкерлері шақырылған. 1979 ж.т. азамат қызметкерлерге бағынбай пәтердің терезесінен шатырға шығып, сол жерден ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 73-бабы «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер», ҚР ӘҚБтК 438-бап «Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру», ҚР ӘҚБтК 667-бап «Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік әскери қызметшісінің, сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау», ҚР ӘҚБтК 669-бап «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау» бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс құжаттар сотқа жолданды, – делінген облыстық ПД хабарламасында

Айта кетейік, 1979 ж.т. азаматқа қатысты осы жылдың 5 қарашасында сотпен 1 жыл мерзімге ерекше талап орнату қаулысы шыққан.