18.11.2023, 14:30

Тоқаев Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Президент Оман Сұлтанының аса жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас Оман халқына құт-береке тіледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Оман Сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Оман – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруін тілеймін, – делінген құттықтау жеделхатта.

Президент Оман Сұлтанының аса жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас Оман халқына құт-береке тіледі.