Осы хабарды кездейсоқ естіп қалып, Канат Айтбаевқа хабарласып ем, растады.
Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 азаматтың қайғысын халық ұмыта қойған жоқ. Қайғыдан қан жұтып отырған отбасыларға мемлекет те, кәсіпкерлер де, тіпті әншілер де көмек беріп жатыр. Мәселен, жуырда Қазақстанның халық әртісі атанған Димаш Құдайберген 20 отбасына 20 миллион теңге аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы әлеуметтік желіде белгілі ақын Бауыржан Бабажанұлы жазды. Жазуынша, бұл ақпаратты Димаштың әкесі растаған.
«Димаш ҚҰдайберген шахтада әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды. Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 азаматтың қайғысы әлі ұмытылған жоқ. Мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де олардың отбасына қолұшын созып жатыр.
Әйгілі әнші Димаш Құдайберген де бұл сауапты істен сырт қалған жоқ. Ол сол апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға кеше 1 миллион теңгеден аударды.
Осы хабарды кездейсоқ естіп қалып, Канат Айтбаевқа хабарласып ем, растады.
Жалпы Айтбаевтар отбасы бергенін жариялай бермейді. Димаш атқа мінгелі ғана емес, бұрыннан солай.
Бірақ мына хабарды ел білуі керек қой. Димаштың бұл ісін басқа да өнер иелері жалғастырып әкетсе, қәнеки!, – деп жазды ақын.