Қазіргі таңда шатырдың ұшып кетуі, бүлінуіне қатысты 42 оқиға тіркелді.
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті дауыл салдарынан тіркелген оқиғалар туралы мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кеше кешке басталған қатты дауыл Павлодар облысындағы 42 ғимараттың шатырын жұлып әкетті. 100-ден аса елді мекен жарықсыз қалды.
Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарын ауа райы жақсарғанша жолға шықпауға шақырады.
Қазіргі таңда шатырдың ұшып кетуі, бүлінуіне қатысты 42 оқиға тіркелді. 100 елді мекенде электр қуаты үзілсе, 60-ында қалпына келтірілді, 40 елді мекен жарықсыз қалды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары азаматтық қорғау қызметінің күштері мен құралдарын пайдалана отырып жалғасуда, - делінген ведомство хабарламасында.
ТЖД Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтарынан мүмкіндігінше ауа райы жақсарғанша көшеге шықпауды сұрайды.