19.11.2023, 23:30

Халықаралық «Әлем аруы» байқауының жеңімпазы анықталды

Фото: twitter/MissUniverse

Никарагуалық 23 жастағы Шейннис Алондра Паласиос Корнехоға бұйырды.

72-ші халықаралық «Әлем аруы» байқауының жеңімпазы Никарагуалық 23 жастағы Шейннис Алондра Паласиос Корнехоға бұйырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сұлулық байқауы сенбі күні кешке Сальвадорда өткен.

Шейнис Паласиос  2000 жылғы 31 мамырда Никарагуаның Манагуа қаласында дүниеге келген. Ол «Әлем аруы» атағын жеңіп алған Никарагуадан шыққан тұңғыш әйел. Оның бойы 1,8 метр.

Паласиос Орталық Америка университетінде бұқаралық коммуникациялар мамандығы бойынша білім алды. Сол уақытта университет атынан волейболға қатысқан.

Ал, екінші орынды Таиланд өкілі, 27 жастағы Аннтония Порсильд иеленді. 

Айта кетейік, «Әлем аруы» — жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық конкурс және әлемдегі ең беделді сұлулық байқауларының бірі. Биыл оған 80-нен астам елден жиналған қыздар қатысты.