Бұл - провал.
Еліміз бойынша бокстан да, күрестен де бюджеті бойынша жоғары тұрған спорт түрі - таеквондо. Таеквондоға бөлінетін қаржы да көп, дайындық шараларынан да кенде емес. Десе де ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже жоқ. Осы сұрақ төңірегінде белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов Qasqa Jol Youtube арнасына сұхбат беріп, тағы да біраз мәселе көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Таеквондошылар осы жылы 36 оқу-жаттығу жиынын өткізіпті. Оның 10-ы шетелде өткен. Айтуынша бұл өте көп.
Екі апталық жаттығу болады. 36 деген өте көп. Жыл бойы жаттығу жасап жүре берген. Таеквонда федерациясымен өткен жиынға жеке өзім қатыстым. Министрлік бұрынғыдай емес, қазір ашық жұмыс істейді. Федерациямен өткен жиын эмоцияға толы болды. Өйткені ол жерге қыруар қаржы жұмсалады. Оқу-жаттығу жиынының көптігінен бөлек, таеквондошылар 2,5 миллион теңге жалақы алады. Спортшылардың орташы жасы да өскен. Бір спортшыларды әлі сүйрелеп алып келе жатыр, жастар жоқ. Бұдан бөлек таеквондошылар дұрыс бапкерге жарымай-ақ қойды. Бұрынғы басынан дау арылмайтын бапкерді кетіріп, орнына кәріс маманын қойды. Ханчжоудағы жарыста алпыс күн бойы дайындық жұмыстарын пысықтаған. Өкініштісі дым нәтиже берген жоқ. Халықтың қалтасынан шыққан, мемлекет бөлген ақшаға дайындалды. Елдің аузынан жырып алынған ақшаға жасаған дайындықтары еш кетіп жатыр.
Спорт журналисінің сөзінше анау-мынауды қойып, жұмыс істеп нәтиже көрсету керек.
Сынға ала қалсаң шай ішуге шақырады. Маған шай беріп менің аузымды жапқанымен, қорытындыны, жүлденің жоқтығын жасыра алмайсың. Кәріс бапкерінің жауапкершілік алмауы мен жалындап тұрмағаны тағы бар. Азия ойындарында таеквондо комплект беруі керек еді(алтын, күміс, қола). Екі қола ғана алды. Бұл - провал. Париж олимпиадасынан бір алтын тағынамыз деп отыр. Бірақ оған күмәнім бар.