«Әсеміме тапсырдым»
Жуырда тұңғыш ұлын үйлендірген Роза Әлқожа Instagram желісінде жазба жариялап, көпшілікке келін алғандағы сезімімен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Неше күнгі шаршау басылып, қыздармен құт қалтаға келдік. Келін алған жақсы екен. Қазанды ошағымен, үйді балалармен бірге Әсеміме тапсырдым", - деп қысқа қайырды әнші.
Айта кетейік, жақында Роза Әлқожа тұла бойы тұңғышы Бейбарыс Қабаны үйлендіріп, үйіне келін түсірді. Сері жігіттің таңдауы Әсем есімді аруға түскен.