$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде несиесін уақытылы төлемегендердің қарызы 390 млрд теңгеден асты

Несиені уақытылы төлемегендердің көбі – Алматы тұрғындары.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Несиесін уақытылы төлемегендердің қарызы 390 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ұлттық банктің хабарлауынша, қарызды кешіктіретіндер биыл 11 пайызға өскен. Оның ішінде 327 млрд теңге тұтынушылық несие болса, 46 млрд теңге микроқаржы ұйымдарынан алынған. Ипотекалық қарыз 26 млрд 700 млн теңгеден асады.

Несиені уақытылы төлемегендердің көбі – Алматы тұрғындары. Олардың қарызы 164 млрд теңге. Шымкент, Астана қаласында да берешегін өтемей жүргендер көп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары