21.11.2023, 13:00

Қазақстанның Еуропа чемпионатына шығуына тағы бір мүмкіндігі бар

Фото: Prosports.kz

Ұлттар лигасы С дивизионының плей-офф кезеңінде бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының Германияға баратын тағы бір мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Магомед Адиев шәкірттері Ұлттар лигасы С дивизионының плей-офф кезеңінде бақ сынайды. Жартылай финалда Қазақстан Грекия құрамасымен ойнайды. Ал екінші жартылай финалда Грузия мен Люксембург кездеседі.

Жартылай финал 21 наурызда, финал 26 наурызда өтеді. Магомед Адиев шәкірттері сырт алаңда Грекия құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі арқылы жолдама ала алмады. Люблянада өткен соңғы ойында Қазақстан Словениядан 1:2 есебімен ұтылды. Осылайша, Н тобынан Дания мен Словения құрамасы Еуро-2024 турниріне жолдама алды.