$ 443.44  480.51  4.88

«Біздің ауылдың келіндері көрмесін». Келініне 21 миллионның көлігін сыйлаған ата-ене жұртты тәнті етті

Мұндай болса жыл сайын туасың ғой.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде келініне көлік сыйлаған отбасының видеосы тарады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеода бұл сыйлық тосынсый болғаны көрінеді.

Дүниеге сәби әкелген анаға шапан жабады деген. Эльмира қызымызға жанұямыздың атымыздан, бүкіл туысымыздың атынан сондай шапан жапқымыз келіп жатыр. Бәріміз бір кісідей далаға шығайықшы, - дейді видеода енесі.

Желі қолданушылары керемет көрініске таңданғанын жасырмапты. Арасында әзілдеп пікір білдіргендер де табылды.

"Құдай-ай, не деген керемет", "Менің төрт көлігім қайда?", "Біздің ауылдың келіндері көрмесін", "Өте тамаша, керемет, құтты болсын темір тұлпар. Тек жақсылыққа, қуанышқа мінуге Аллам нәсіп етсін", "Мұндай болса жыл сайын туасың ғой", "Үйленбеген баласы жоқ па екен?" - дейді олар.

Кадрларда бұл көлік HiPhi Y екені байқалады. Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, шамамен құны 21 миллион теңге тұрады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары