22.11.2023, 10:20

Грузияда іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды

Фото: facebook.com/GenProkRK

Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленушінің шағымы қайта қаралып жатыр.

Үш жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық Грузияда ұсталды. Ол қаржы пирамидасын құрған деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдікті Қазақстан азаматы  ұсталды.

Ол қаржы пирамидасын құрған және оған басшылық жасады деп айыпталуда, келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден астам құрады. Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленушінің шағымы қайта қаралып жатыр. Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешілуде, – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.