44 елден 229 спортшы қатысып жатқан жарыс 23 қарашаға дейін жалғасады.
Мексиканың Гвадалахара қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Астана қаласының спортшысы Едіге Емберді чемпион атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстан құрамасына алғашқы алтын жүлдені жерлесіміз Едіге Емберді сыйлады. Ол 81 келіге дейінгі салмақта 336 (145+191) келіні басынан асырды. Жұлқа көтеруде 9-орын, ал серпе көтеру мен қоссайыс қорытындысында алтын жеңіп алды. Күміс медаль түрікменстандық Гайгысыз Тораевқа, ал қола жүлде грузиялық Георгий Асанидзеге бұйырды.
Айта кетейік, 44 елден 229 спортшы қатысып жатқан жарыс 23 қарашаға дейін жалғасады.