Ол 47-минутта қарсыластар қақпасына гол соғып, таразы басын теңестірген еді.
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы 20 қарашада Словениямен өткен матчтың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Словения және Қазақстан құрамалары өзара кездесуінде Еуропа чемпионаты финалдық сатысына берілетін екінші жолдама сарапқа салған еді.
Кездесу барысында Рамазан Оразов тоқсан минут бойы ойын көрсетті. Ол 47-минутта қарсыластар қақпасына гол соғып, таразы басын теңестірген еді.
Сондай-ақ, ол аталған іріктеу сатысындағы барлық кездесуде алғашқы минуттан жасыл алаңға шықты.
Бүгінде Рамазан Оразов Словенияның "Копер" командасының намысын қорғайды.
Айта кетейік, Оразов 1999 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстан, Ресей, Латвия клубтарында доп тепті. Ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын әлем чемпионаты іріктеу сатысында 2021 жылдың 31 наурызында Украинаға қарсы өткізді.