Жас жүргізуші енді 5 хаттама үшін 120 750 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады.
Таразда жолда жүру ережелерін өрескел бұзып, оны әлеуметтік желіге жариялаған 18 жастағы жүргізуші полиция қызметкерлерінің назарына ілікті. Нәтижесінде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының барысында жылдамдықты жақсы көретін жасқа бірден 5 түрлі айыппұл салынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аталған дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу), 593-бабының 2-бөлігі (Қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамау), 596-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу), 599-бабының 1-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өту), 606-бабының 1-бөлігі (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жүргізуші өз кінәсін мойындады. Көлік құралы айыптұраққа қойылды, – делінген Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Жас жүргізуші енді 5 хаттама үшін 120 750 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады.