$ 494.87  520.65  4.91

Көктайғақ, қатты жел: 23 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Солтүстік өңірлерде боран соғады деп болжанады. 

Фото: atr.kz
Фото: atr.kz

Синоптиктер 2023 жылы 23 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, еліміздің басым бөлігіне Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты атмосфералық бөліктер әсер етеді. Синоптиктердің болжамы бойынша, жаңбыр, қар жауады деп күтіледі.

Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, - дейді синоптиктер.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ болады, жел екпін алады, солтүстік өңірлерде боран соғады деп болжанады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары