$ 441.66  475.14  4.86

Қостанайда көлік шұңқырға түсіп кетті

Апат салдарынан көлік жолаушысы зардап шекті.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Қостанайда полиция көлік түсіп кеткен траншеяның мердігерін анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Polisia.kz мәліметінше22 қараша таңғы сағат 09:00 шамасында Летунов көшесіндегі үйлердің бірінің жанында 30 жастағы Infiniti автокөлігінің жүргізушісі траншеяға түсіп кетті. 

Көлікте отбасы, оның ішінде бала болған. Апат салдарынан көлік жолаушысы зардап шекті. Полиция кабель төсеу бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер ұйымды анықтады. Оқиға орнында тиісті жол белгілері болмаған. Зардап шеккендерге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады, - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары