$ 443.44  480.51  4.88

Сотталған азаматтың әйелі колонияға 10 телефон өткізбек болған

Тәркіленген тыйым салынған заттар Қарағанды облысы ПД Абай ауданы ПБ жедел тергеу тобына берілді.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ның № 29 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанның жұбайы колонияға 10 телефон өткізуге тырысқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мекеменің тінту тобының қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жоғары кәсібилігі мен қызметтік міндеттерін адал орындауының арқасында сотталушыға тыйым салынған заттарды, атап айтқанда: 10 смартфон, 2 планшет, 4 түймелі телефон, 3 sim-карта, сыйымдылығы 4 гб 1 шағын флэш-карта беру әрекетінің алдын алды.

Тәркіленген тыйым салынған заттар Қарағанды облысы ПД Абай ауданы ПБ жедел тергеу тобына берілді.

Тыйым салынған заттарды алып өту фактілеріне жол бермеу бойынша сотталғандармен және олардың туыстарымен жүргізіліп жатқан профилактикалық әңгімелесулерге қарамастан, азаматша бұл бұзушылыққа саналы түрде барды және ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады,  деп мекеме әділет полковнигі Игорь Бендерский атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары