Сондай-ақ өзінің аты-жөні мен телефон нөмірін де ойып жазыпты.
Алматыда спорт шебері Денис Теннің ескерткішін бұзақы ойрандап кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол ескерткіштің қабырғасына жазба қалдырған. Сондай-ақ өзінің аты-жөні мен телефон нөмірін де ойып жазыпты.
Алматы қаласының Полиция департаменті аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бөлігі, 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, - делінген Qazaqstan.tv ақпаратында.
Полицейлердің айтуынша, ескерткішті ойрандаған адам, психоневрологиялық есепте тұрады.