1998 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген жаңа Қылмыстық кодекске көп әйел алу үшін қылмыстық қудалау бабы кірмей қалған.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 19 жасқа дейін екі әйел алып үлгерген 14 жігіт бар болып шықты. Оның тең жартысы, жетеуі – қалалық, қалған жетеуі – ауыл тұрғыны, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тұтастай алғанда, республикада 2 және одан көп әйелі бар еркектердің саны 406 078 адамды құрады. Бұл 2021 жылғы соңғы жалпыхалықтық санақ қорытындыларын шығарған кезде, енді ғана анықталды.
Бұл құбылыс әсіресе, орда бұзар 35-39 жастағы жігітерге көбірек тән көрінеді (78 108 адам). Бұлардан 30-34 жас аралығындағы құрдастары да қалысар емес (65 384 адам). 40-44 жастағы 64 172 еркек бірнеше әйелі барын ашық айтқан.
Отбасылық дауларды шешуден тәжірибесі бар заңгер Ринат Қадыров айтуынша, Неке және отбасы кодексінің 11-бабында бір жынысты адамдардың, жақын туыстардың, сондай-ақ біреуі басқа тіркелген некеде тұратын адамдардың арасында некелесуге, ерлі-зайыпты болуға жол берілмейді.
Заңгердің сөзінше, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін күшінде болған қазақстандық Қылмыстық кодексте екі және одан көп әйел алған жағдайда (двоеженство, многоженство) біршама ауыр жаза қарастырылған. Ол кезге дейін 107-бапқа сәйкес, тоқал алғыштар екі жылға дейін сотталатын.
Дегенмен, 1998 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген жаңа Қылмыстық кодекске көп әйел алу үшін қылмыстық қудалау бабы кірмей қалған. Салдарынан, егер бұған дейін осы қоғамдық құбылыс дәстүрлі түрде негізінен оңтүстік өңірлерде таралып келсе, содан бері оған өзге өңірлеріміздің ерлер бірнеше әйелмен отбасын құра бастаған.