$ 494.87  520.65  4.91

Жаңбыр, қар, көктайғақ — Бүгінге арналған күн райы болжамы

Солтүстікте – қатты жауын-шашын жауады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 24 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz   ақпарат порталы.

Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар ҚР аумағы арқылы жылжуын жалғастырады және елдің басым бөлігіне ықпалын сақтайды, сонымен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте – қатты жауын-шашын жауады. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық аудандарында бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Түркістан облысының тау асуларында, түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса жел күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары