24.11.2023, 09:40

Петропавлда әскери қызметкерлер қызылша жұқтырды

Фото: Pixabay

Олардың жағдайы қанағаттанарлық.

12 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Петропавл қаласының модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына "асқынусыз қызылша" диагнозымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Академиясының 21 әскери қызметшісі жатқызылды, деп хабарлайды Skifnews.kz   ақпарат порталы.

Қазіргі уақытта 12 курсант сауықты. Стационарлық емдеуде 9 курсант бар. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.

Бұл жағдай тұрғындар арасында қызылша бойынша жалпы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне және вакцинаның аз болуына байланысты орын алды.

Басшылық құжаттарға сәйкес, 23 қарашада Академияның 30 жасқа дейінгі жеке құрамына қызылшаға қарсы шұғыл иммундау жүргізілді. Бұл дерек бойынша Бас қолбасшылықтың әскери-медициналық басқармасы офицерлерімен эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде, - делінген хабарламада.