$ 443.37  474.49  4.83

Астанадан шығатын трасса жабылды

№ 315, 316 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. 

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанадан шығатын трасса жабылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«109» қызметінің мәліметінше, сағат 19.30-дан бастап «Екатеринбург қаласы – Алматы қаласы» республикалық маңызы бар автожолының 1291 – 1426 шақырым аралығы, нақты айтқанда, «Астана қаласы – Теміртау қаласы» учаскесі барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Ал City Transportation Systems компаниясының ақпаратына сүйенсек, Астана маңына қатынайтын бірқатар автобустың қозғалысы тоқтатылды.

Ауа райының нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын № 315, 316 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қала маңына жүретін басқа бағдарлар линияда, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары